$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Алматыда екінші Еуразиялық форум жұмысын бастады

AstanaTV
23.04.2015ж. 13:00
975
Алматыда екінші Еуразиялық форум жұмысын бастады

Алматыда кәсіпкерлердің екінші Еуразиялық бизнес форумы өз жұмысын бастады. Екі күндік шараға Еуразия құрлығындағы мемлекеттердің ірі кәсіпорындары өкілдері мен отандық бизнесмендер қатысуда. Форумның  басты мақсаты - ел экономикасына инвестиция тарту. Сондықтан оның аясында кәсіпкерлер өзара келісім-шарттарға қол қойып, бірлескен кәсіпорындар құруға мүмкіндік алады. Еске салсақ, Еуразиялық бизнес форум өткен жылы алғаш рет өткізілген болатын. Басқосудың алғашқы кезеңі Алматыда басталған. Ал мамырдың екінші жартысында алқалы жиын Астанада жалғасын тапқан. Биыл «Қазақстан бизнесі-2015»  халықаралық көрмесі де ұйымдастырылған.

Мұртаза Бұлұтай, Форумға қатысушы:

форумның мақсаты- көптеген мемлекеттерден келетін бизнес өкілдерінің басын қосу. Қазақстанның бизнеске тартымдылығын, инвестиция жасауға қолайлы шарт жағдайларының барын көрсету және Қазақстанда жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер арасында дәнекер, көпір болу.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах