Бүгін Астанада Энергетика министрі
Владимир Школьник пен «Казэнерджи» қауымдастығының бас директоры Әсет
Мағауов және Халықаралық энергетика агенттігінің атқарушы директоры Мария ван
дер Хоовен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Аталған құжат Қазақстанда энергетиканың
тұрақты дамуын ілгерілету, техникалалық серіктестік, қауіпсіздік және баламалы
энергия көздерін табу, инновациялық технологияны дамыту тетіктерін қарастырады.
Сондай-ақ, Халықаралық энергетика агенттігі «Шығыс Еуропа, Кавказ бен Орталық Азияның
энергетикалық саясаты» атты шолуын ұсынды. Онда Қазақстанның жалпы энергетикалық
балансында 2050 жылға қарай баламалы және қалпына келетін энергия көздерінің
үлесін 50 пайызға жеткізуге бағытталған «Жасыл
экономика» концепциясы
жоғары бағаланды. Мария ван дер Хоовен елімізде атом электр стансасын салуға
қатысты пікірін де білдірді.
Мария
Ван Дер Хоовен, Халықаралық энергетика агенттігінің атқарушы директоры:
Менің ойымша, атом электр станасасы, баламалы энергия көзін табу тұрғысынан, маңызды жоба және тығырықтан шығудың
жолы ретінде қарауға болады. Ол экологиялық таза энергия көзі.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ