Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстанда соңғы жеті ай ішінде 190 миллиард теңге мүлік пен ақша жария етілді

AstanaTV
24.04.2015ж. 10:00
967
Қазақстанда соңғы жеті ай ішінде 190 миллиард теңге мүлік пен ақша жария етілді

Қазақстанда соңғы жеті ай ішінде 190 миллиард теңге мүлік пен қаражат жария етілді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Ерлан Сағынаев мәлімдеді. Айтуынша, заңдастырылған мүлік есебінен мемлекеттік бюджет 2,4 миллиард теңгеге толыққан. Республика аумағында жекешелендірілген мүлік сомасы 130 миллиард теңгені құрады. Ал шетелдегі заңдастырылған мүлік құны 216 миллион теңге. Жарияланған қаржының жалпы көлемі 59 миллиард теңгеден астам.

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің айтуынша, бүгінде науқанның тартымдылығын арттыру мақсатында мүлікті жариялау туралы заң жобасына бірқатар өзгерістер енгізу көзделуде. Айта кетейік, Қазақстанда мүлікті жариялау акциясы 2014 жылы 1 қыркүйекте басталған болатын.

Ерлан Сағынаев, Мемлекеттік кірістер комитеті Тәуекелдер, талдау және статистика басқармасының басшысының орынбасары:

  Қазіргі таңда Комитет мүлікті жариялау туралы заң жобасына бірқатар өзгерістер енгізу туралы мәселені талқылап жатыр.

Атап айтсақ, екінші деңгейлі банктердегі жарияланған қаржыны арнайы жинақ шотында орналастыру мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарту,  сондай-ақ, бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылық енгізу көзделуде. Жария етілген қаржыны инвестициялау мүмкіншілігін арттыру мәселесі де қарастырылуда.

Жұрағат БАМАН