Қырғыз Республикасының Қарулы күштер Бас штабына сілтеме жасаған, ТАСС
агентігінің хабарлауынша, «Қырғыз астанасында Жеңістің 70 жылдығына арналған
салтанатты шеру, мамырдың 9-ынан 7-сіне ауысуы мүмкін». Бас штабтың баспасөз қызметі «әзірге бұл
талқыланып жатыр, ресми шешім шығарылған
жоқ»,- деген.
Қарулы күштер бас қолбасшысы, ел Президенті Алмазбек Атамбаев, 9-шы мамырға
Ресей тарапынан ұйымдастырылып жатқан, Жеңіс шеруіне шақыру алғанын хабарлаған.
«Ал премьер-министр Жоомарт Оторбаев отставкаға кетуге өтініш жасаған.
Сондықтан Бішкекте 9-мамыр күні шеруге
қатысатын басты тұлғалар болмайды,- дейді баспасөз қызметіндегілер. Алайда «бұл
мәселе әзірге шешілген жоқ» деп отыр.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ