Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шелл» концернінің атқарушы бас директоры Бен ван Берденді қабылдады

AstanaTV
04.05.2015ж. 20:00
1028
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шелл» концернінің атқарушы бас директоры Бен ван Берденді қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шелл» концернінің атқарушы бас директоры Бен ван Берденді қабылдады. «Кездесуде компанияның Қазақстандағы жұмысы және еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қатысуы төңірегіндегі мәселелер талқыланды», - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесі де сөз болды. Тараптар өзара іс-қимыл аясын одан әрі жандандыру мен кеңейтудің маңыздылығын атады.

Басқосуда Бен ван Берден Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады. Мемлекет басшысы былтыр Нидерланд корольдігінде өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысқанда, оған «Президент Назарбаев» деп аталған қызғалдақтың жаңа сорты таныстырылған. Осыны еске салған Бен ван Берден Нұрсұлтан Назарбаевқа Голландиядан арнайы әкелінген осы сұрыптағы қызғалдақтарды сыйға тартты.

Бен ван Берден, «Шелл» концернінің атқарушы бас директоры:

Президент Назарбаевпен кездесуде біраз мәселелер талқыланды. Қазақстан басшысын жаңа тағайындалуымен құттықтаудың да сәті түсті бүгін. Сайлауда жұрттың белсенді болуы, әрі басым көпшілігінің Назарбаевқа дауыс беруі, оның жүргізіп отырған саясатының салиқалы екенін көрсетеді. Біздің компания Қазақстанда көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Ынтымақтастығымыз әрі қарай жалғаса түседі деген сенімдемін.

Жұрағат БАМАН