$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Қостанай облысының әкімі баспасөз отырысын өткізді

AstanaTV
16.02.2016ж. 20:00
1332
Қостанай облысының әкімі баспасөз отырысын өткізді

Қытайлық ірі China National Machinery компаниясы Қостанайдағы JAC автокөліктерінің өндірісіне 40 миллион АҚШ валютасында инвестиция салуға ниетті. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз отырысын өткізген өңір басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі күннің өзінде қытайлық инвесторлар 5 млн АҚШ валютасын құйған. Көліктердің алғашқы легі, яғни 200 данасы, сатылымға шығып үлгеріпті. «Биыл өндіріс көлемін арттырып, жыл соңына дейін 2 мыңға жеткіземіз», - дейді әкім.

Айта өтейік, JAC Motors Corporation - қытайдың үздік 5 автокенцерні қатарына енетін компания. Бренд жеңіл және қоғамдық көліктер жасайды. 

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі: 

Өткен жылдың тамыз айында «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, СМС Қытай компаниясы және JAC Motors Қазақстанның ұлттық автокөлік бренді бойынша стратегиялық әріптестік және дамыту туралы келісімге қол қойды. Онда машина жасау саласын дамыту көзделген. Неге қытайлық инвесторлар десеңіз, олармен келісімге ортыру шарттары бізге ұтымды болды.

Өңір басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы ең алпауыт серіктестіктердің бірі «Иволга Холдинг»  жайын да сөз етті. Айтуынша, холдинг 10 пайыз мүлкінен айырылуы мүмкін. Алайда бұл кәсіпорын жұмысына айтарлықтай зардаптарын тигізбейді. Бұған дейін «Еуразиялық Даму Банкі» АҚ «Иволга Холдинг» ЖШС-ін, несиелік шарт бойынша міндеттерін орындамағаны үшін, сотқа беріп, банкрот деп жариялауын сұрады. 2014 жылы «Иволга Холдинг» банктен 80 миллион АҚШ ақшасы көлемінде қарыз алып, уақытылы қайтармаған. Жалпы соңғы 2 жыл ішінде «Иволга-холдинг» ЖШС-не 30-дан аса кредитор талап-арыз түсіріпті.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі: 

Бүгінде кәсіпорында жылдар бойы еңбек етіп келген жұмысшылар бар. Жалпы кәсіпорынның тек Еуразиялық Даму Банкімен сот процестері жалғасып жатыр. Ал өзге банктерге қатысты үлкен проблемалар жоқ деп айта аламын. Егер алдын ала болжам жасасақ, «Иволга Холдинг» кемінде 10 пайыз мүлкінен айрылады. Сот шешімін күту қажет. Менің ойымша, сот процестері холдингтің жұмысына кері әсер тигізбейді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА