Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астанаға Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси келді

AstanaTV
26.02.2016ж. 20:00
2439
Астанаға Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси келді

Қазақстанға ресми іссапармен Мысыр Араб Республикасының президенті келді. Бұл - Әбдел Фаттах Ас-Сисидің қазақ еліне жасаған тұңғыш сапары. Үш күнге созылатын іссапардың алғашқы күнінде Мысыр елінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ ресми Астана мен Каир ауыл шаруашылығы, фармацевтика, инфрақұрылым және көлік-логистика салаларында әріптестікті жалғастыруға ниетті. Мәселен, Мысырдағы бизнес иелері Каспий жағалауындағы Кендірлі демалыс орнына инвестиция құйып, туризм саласында тәжірибе бөлісуге дайын.

Мемлекет басшысы Мысырдың «Ұлы жібек жолы» дәлізін дамытудағы маңызын ерекше атады. Бұл ел әлемдегі ең ірі астық импорттаушы мемлекет саналады. Бүгінде Мысырдың Жерорта теңізі жағалауында жаңа теңіз портын салу жоспары бар. Аталған порт Қазақстан үшін теңіз жолымен Африка елдеріне астық шығаруға мүмкіндік ашады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ауыл шаруашылық саласында ұзақ мерзімдік байланыстар жасау. Мысыр елі - астықты ең көп сатып алатын мемлекет. Біз - ең көп экспорттайтын мемлекетпіз. Қазақстан - астық экспортындағы көшбасшы мемлекеттің бірі. Сондықтан 2006-2010 жылдары Қазақстан Мысырға 1 млн тоннандан астық жеткізіп отырған. Осы бағытты одан ары өркендететін боламыз.  

Азамат АЛДОҢҒАРОВ