Президент
сайлауын шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан 1026 байқаушы қадағалауда.
Орталық сайлау комиссиясы таратқан ақпарға сай,
басым бөлігі Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы атынан  - 410 байқаушы.  Бірқатары - Еуропадағы
Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы,  Демократиялық институттар мен адам құқықтары
жөніндегі бюросынан. Жалпы саны 293 адам акредиттелді.
Сондай-ақ,
Шанхай ынтымақтастық ұйымынан 10 адам тіркеуден өткен. Түркітілдес мемлекеттер
ынтымақтастығы кеңесінен 15, Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясынан 11
және  Ислам ынтымақтастығы ұйымынан 3
адам.  Одан бөлек  37 мемлекеттен 116 тәуелсіз байқаушы
акредиттелді. Сыртқы істер министрлігі 
37 мемлекеттен 168 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеуден
өткізді.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА