$492.22 €529.38 ₽5.03
×

Сайлауды мыңнан астам шетелдік байқаушы назарында ұстап отыр

AstanaTV
26.04.2015ж. 13:00
872
Сайлауды мыңнан астам шетелдік байқаушы назарында ұстап отыр

Ел Президентінің сайлауы мыңнан астам шетелдік байқаушы назарында. Олар сайлау учаскелерінде саяси науқанның заң талаптарына сай өтуін қадағалауда.  Қазір  Астанадағы шетелдік байқаушылар мен ақпарат құралдарына арналған жәрдемдесу орталығынан әріптесім Айгүл Әдепбай тікелей байланысқа шығады.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Байқаушылардың жұмысы сайлау учаскелері ашыла салысымен басталып кетті. Әр учаскеде бірнеше байқаушыдан отыр. Дегенмен, шетелдіктердің басым бөлігі осы жерде шоғырланған. Олар учаскелердегі өз өкілдерінен түскен ақпаратты шұғыл таратып жатыр журналистерге. Мыңнан астам шетелдік байқаушы келді. Орталық сайлау комиссиясы 858 байқаушыны тіркеді. Оның 293-і Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегі ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөнiндегі бюросынан. 410 байқаушы ТМД байқаушылар миссиясынан. Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігі 37 елден 168 журналисті тіркеді. Байқаушылар миссиясы құрамында белгілі парламентшілер, саясаттанушылар,орталық сайлау комиссияларының жетекшілері мен қоғам қайраткерлері бар.

Хосе-Марио Чикилио, Испания сенаторы:

Сайлау болып жатқан жерлерде менің байқағаным, Қазақстанның сайлау туралы заңдары толық жұмыс істейді. Мемлекеттің  азаматтары сайлауға баруға, не бармауға өз құқықтары бар екені тұрғысынан азат екенін байқадым. Жастар көп қатысып жатыр. Ол демократияның белгісі. Және сайлауға неғұрлым көп адам қатысса, ол халықтың демократияға деген сенімін көрсетеді.

Шетелдік байқаушылар алғашқы брифингті бір сағат бұрын ғана өткізді. Бірінші болып ТМД байқаушылары миссиясы сөз алды. Әзірге байқаушылар науқанның заң талаптарына сай өтіп жатқанын айтады. Жалпы шетелдік және халықаралық ұйымдар байқаушылары мен шетелдік тілшілерді қоса есептегенде, саяси науқанды 1026 адам бақылап отыр. Халықаралық байқаушылар делегациясының міндеті заңға қайшы әрекетке жол бермеу. Яғни сайлаудың демократиялық жолмен өтуін қадағалауда. Байқаушылар өз қызметін атқаруға жақсы жағдай жасалғанын айтып жатыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ