Астанада лауазымды
тұлғалар мен мемлекет қайраткерлері және үкімет мүшелері таңертеңнен белсенді.
Тіркелген сайлау учаскелерінде көпшілігі түске дейін дауыс берді.
Конгресс-холда орналасқан 100-ші сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып
Парламент Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді.
Қасым-Жомарт
Тоқаев, ҚР Парламенті сенатының төрағасы:
Бәріміз бүгін
бiртұтас халық болып, Қазақстанның игiлiгiне, өркендеуiне және iлгерiлеуi үшiн
дауыс беріп отырмыз. Шын мәнiнде, алдымызда тұрған мақсаттар өте қарқынды, бұл
ең алдымен «Нұрлы жол» бағдарламасы. Одан кейін 5 негізгі реформа. Осы
реформаны, бағдарламаны ойдағыдай іске асырсақ Қазақстан өз дамуында iлгерi
қадамдар жасайтыны сөзсiз.
Сондай-ақ,
Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов 92-ші сайлау учаскесінде дауыс берді. Үкімет
басшысы да ерте дауыс берген қатарында. Премьер-министр Кәрім Мәсімов номері
99-ші сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Астанадағы орыс драма театрында
орналасқан сайлау учаскесі. Тіркеуден өткеннен кейін Кәрім Мәсімов зайыбымен
бірге дауыс берді. Сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің кезекке тұрғанын
байқалады.
Самат ҚАНАҒАТОВ