$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы Саяси науқанның ұлттық мереке сияқты өтіп жатқанын айтуда

AstanaTV
26.04.2015ж. 19:00
1444
Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы Саяси науқанның ұлттық мереке сияқты өтіп жатқанын айтуда

Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы Саяси науқанның ұлттық мереке сияқты өтіп жатқанын айтуда. Қазір  Астанадағы Шетелдік байқаушылар мен ақпарат құралдарына арналған жәрдемдесу орталығынан әріптесім Айгүл Әдепбай тікелей байланысқа шығады. Байқаушылар миссиясының баспасөз мәслихаттары түстен кейін қыза түсті. Олар әрбір 15-20 минут сайын жағдайды баяндап отыр. Баспасөз мәслихатын бірінші болып өткізген италиялықтар өз елдерінде сайлау учаскесіне бір мезгілде 600-700 адам келсе, қазақстанда 2-3 мың адамнан келеді екен деп, таң қалды. Сонымен қатар біздегі сайлаудың ашық өтіп жатқанын айтты.

Рикардо Мильори, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының экс-төрағасы:

 Мен өз тәжірибемде 30 шақты сайлауға қатысқан шығармын. Қазіргі саяси дода осыдан 3 жыл бұрын АҚШ-та болған сайлаудан әлдеқайда ашық өтіп жатыр. Сіздерде 3 кандидат бар. Ал Америкада 4 кандидат болды. Бірақ сайлаушылар тек екі үміткерді танитын еді. Ол жақта сайлау науқанына кеткен шығын мүлдем есептелмейді.

Ал америкалық байқаушылар баспасөз мәслихатын өзінен сұхбат алғалы отырған журналистерді, яғни бізді суретке түсіруден бастады. Бұрынғы конгресмен бұл суретті әлеуметтік желіге таратам деді. Ал Қазақстандағы сайлау  барысына оң бағасын берді. Стивен Стокман, АҚШ конгресінің бұрынғы мүшесі:  Дауыс беру ашық өтіп жатыр. Бұл демократияның белгісі. Біз сайлау учаскелеріне алдын ала тіркелместен, яғни келетенімізді ескертпестен кіруге мүмкіндік алдық. Қойғымыз келген сұрақтарды қойдық.

Шетелдік меймандар кейбір сайлау учаскелерінің жанында арнайы концерттер ұйымдастырылғанына қызықты. Жастардың саяси сауатының жоғары екеніне де тамсанумен болды. Айта кетерлігі бүгін брифинг бергендердің басым бөлігі тәуелсіз байқаушылар. Ал халықаралық ұйым байқаушыларының миссиялары баспасөз мәслихаттары ертеңге жоспарланған.

Айгүл ӘДЕПБАЙ