$519.57 €612.78 ₽6.61
×

Қарағанды облысындағы су басқан ауылдардың тұрғындары да дауыс беріп жатыр

AstanaTV
26.04.2015ж. 16:00
1530
  Қарағанды облысындағы су басқан ауылдардың тұрғындары да дауыс беріп жатыр

Қарағанды облысының су басқан ауылдарында да тұрғындар дауыс беруге мүмкіндік алды. Елді-мекендерде су құрғай бастаған. Аймақта сайлау пункттері қысқа мерзімде қалпына келтірілді. Тасқыннан зардап шеккен ауылдардағы саяси науқан жайлы толығырақ аймақтағы әріптесім Айжан Қуаш толықтырады. Ғабиден Мұстафин елдімекенін бір апта бұрын су басып жатқан еді. Тасқын 148 үйді қиратып, 3 мыңнан астам адам көшірілген болатын. Қазір ауылдың жағдайы түзеліп келеді. Тұрғындар үйлеріне орала бастаған. Халық еш қиындыққа қарамастан сайлауға қатысып жатыр.

Айжан Қуаш, тілші:

Ерлі-зайыпты Хасеновтардың бүлінген үйін құрылысшылар кеше ғана бұзды. Зейнеткерлер жалдамалы пәтерді паналауға мәжбүр. Десе де, басқа түскен ауыртпалықтың уақытша екеніне сенеді. Саяси науқанға таң атысымен дайындалып, өздері таңдаған кандидатқа дауыс берді.

Аспанымыз ашық,тыныштық болсын.Өз кандидатымды ойланып таңдадым. Жақсылыққа сенміз. 2. Надежда. Надеемся на лучшее. поэтому выбрали.

Айжан Қуаш, тілші:

Елді мекенде сайлау учаскесі таңғы жетіден бастап жұмыс істеп тұр. Сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, биыл сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Мұң-мұқтажы ортақ ауылдықтар  елдің болашақ басшысын да бірге таңдауда.

Сағадат Ахметова, Ғ.Мұстафин ауылының тұрғыны:

Баспанасыз қалсақ та, сайлауға келдік. Болашағымызға сенеміз.

Айжан Қуаш, тілші:

Сайлау учаскесіне 1 жарым мыңнан астам келуі тиіс. 23 адам уақытша тұрып жатқан жерінен дауыс береді. Ал, эвакуация бөлімдеріне арнайы жәшіктер жеткізілген.

Ғинаят Әбілдинов,  Ғ.Мұстафин ауылы №271 сайлау учаскесі комиссия төрағасы:

Концтауар ғана сатып алдық. Тасқын туралы алдын-ала ескертілді ғой. Жәшік, урна бәрін мектептің екінші этажына шығарып тасқыннан алып қалдық.

Ахмет Мамалинов, Ғ.Мұстафин ауылы №271 сайлау учаскесінің байқаушысы:

Заң бұзушылық жоқ. Наразылық жоқ. Тұрғындар өз ниеттерімен келіп, дауыс беріп жатыр.

Айжан Қуаш, тілші:

Президент сайлауы Қарағанды облысының су басқан елу елді мекенінде өтеді. Ары-бері қатынассыз қалған ауылдарға дауыс беру жәшіктері тікұшақтармен жеткізілді.

Айжан ҚУАШ