Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бүгін ақтөбелік жас жұбайлар АХАЖ бөлімінен тікелей сайлау учаскесіне жол тартты

AstanaTV
26.04.2015ж. 22:00
1472
Бүгін ақтөбелік жас жұбайлар АХАЖ бөлімінен тікелей сайлау учаскесіне жол тартты

Бүгін Ақтөбеде кейбір жас жұбайлар АХАЖ бөлімінен тікелей сайлау учаскесіне жол тартты. Жаңа өмірге қадам басып, отбасын құрған Дәулет пен Дәния ел президентін сайлау күні неке тойына тап келгеніне қуанышты. Бірлесіп жасаған алғашқы таңдау да жарқын болашақтың кепілі болатындығына сенімді. Сайлау комиссиясы жас жұбайларды құттықтап, сыйлық тарту етті.

Кешкі сағат 6 шамасында қаладағы нөмірі 10-шы сайлау учаскесінде тіркелген 2 100 азаматтың 80 пайызынан астамы дауыс беріп үлгерген. Байқаушылар тұрғындардың белсенділігін жоғары бағалап отыр. Соның бір дәлелі, тойдың қарбаласына қарамастан, азаматтық парызды ұмытпай, сайлауға атсалысқан Табыновтар отбасы болды.

Дәулет Табынов:

Тойдың күнін реттегеннен кейін, бір он күннен кейін білдік сайлау болатынын. Осы бүгін сайлау күні мен заңды некемді қиып жатқаныма өте қуаныштымын. Елім аман болсын.

Мансұр ЕСХОЖИН