Қазақстандағы
президент сайлауы ашық, мөлдір әрі демократия талаптарына сай өтті. Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы
Дмитрий Мезенцев бақылау миссиясының алдын ала қорытындысын жариялап, сөзін
осылайша түйді. Айтуынша сайлаушылардан,
сенімді өкілдер тарапынан қандай да бір шағымдар, не болмаса ескертпелер түспеген. Айта өтейік, сайлау
процесін бақылау үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымынан елімізге 11 байқаушы келді.
Дмитрий
Мезенцев,
Шанхай ынтымақтастығы ұйымы бас хатшысы:
Миссия
мүшелері Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Теміртау, Шымкент қалаларында, Ақмола
және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жалпы 53 сайлау учаскесінде болды.
Бiр бiрiмiзбен хабарласып тұрдық. Барлығымызда ортақ пiкiр қалыптасты. Сайлау
өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған және барлығы қалыпты, тыныш өтуде. Сайлау
учаскелерінде ұзын сонар кезектің болуы - өте жақсы көрсеткіш. Бұл халықтың ел
тағдырына немқұрайлы қарамайтындығының белгісі.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА