Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Францияның ұлттық кеңесі тыңшылыққа рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады

AstanaTV
06.05.2015ж. 13:00
1056
Францияның ұлттық кеңесі тыңшылыққа рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады

Францияның ұлттық кеңесі тыңшылыққа рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Reuters хабарлайды. Енді азаматтарды сыртынан аңдуға сот емес, арнайы құрылған құзырлы орган рұқсат береді. Аталған арнайы қызмет өкілдеріне интернет және телефон хабарламаларын оқуға да рұқсат. Премьер министр Мануэль Вальсаның айтуынша мұндай шара терроризмнің алдын алу мақсатында қолға алынды. Оппозиция өкілдері болса, бұл шешімге қарсы шығып жатыр. «Халық қозғалысы одағының»  мүшелері жаңа заң жаппай тыңшылыққа әкеліп соқтырады деген пікірде. Олар, атқарушы билік құзіретін тым асырып жіберуі мүмкін деп есептейді. Сенатта заң жобасына қатысты дауыс беру маусым айында өтеді. Айта кетейік,Францияда терроризмге қарсы қарқынды күрес қаңтар айындағы шабуылдан кейін күш алды. 1-қаңтарда Париждегі Charlie Hebdo кеңсесіне лаңкестер шабуылдап, 12 адам қаза болған еді.

Мөлдір ДЮСЕКИНА