$518.34 €607.91 ₽6.66
×

Оралда жұқпалы ауруларға қарсы күрес барысы пысықталды

AstanaTV
28.04.2015ж. 13:00
1259
Оралда жұқпалы ауруларға қарсы күрес барысы пысықталды

Оралда энтеровирус індетіне қарсы күрес жұмыстары күшейтілуде. Өйткені, тез таралатын вирус, жаз бен күз айларында өршиді. Дәрігерлер оның ауа мен судан, тағамнан, тіпті адамнан адамға жұғатынын айтады. Әрі арнайы белгіленбеген жерде суға шомылғандардың да, осы кеселге шалдығуы мүмкін екен. Сондықтан, өңірдегі ашық су қоймалары мен бассейндер, көшелердегі субұрқақтар тексерілмек.

Дегенмен, Батыс Қазақстан облысында былтыр жағдай тұрақты болған, биыл да қауіпті аурудың таралу дерегі тіркелмепті. «Соған қарамастан, қаладағы су ағатын арықтар мен субұрқақтардың суы уақытылы жаңартылып, тексерілуі тиіс» - дейді,  эпидемиологтар.

Алтын Орынғалиева, БҚО Тұтынушылар құқын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

Ауырған кезде адамдар егер де энтеровирус болатын болса, бұларды жаңағы, серъезный менингит дейміз ғой. Сондайдан өзінің қауіптілігі бар инфекция ретінде. Осы инфекцияның алдын-алу қамында біздер мониторинг жүргізіп келе жатырмыз. Жаңағы ашық суқоймаларынан, жаңағы адамдар су ішетін жерден және болашақта осы фонтандар болатын болса, субүріккіштер дейміз ғой, солардан су алынады.

Еркін КАРИН