Араб әскери әуе күштері
коалициясының Йемендегі «Батылдық дауылы»
операциясы сәтті аяқталды. Бұл туралы
Саудия королі Салман бен Абделазиз Аль Сауд министрлер кеңесінің отырысында
мәлімдеді. Сауд
Арабиясы мен оның көрші мемлекеттеріне төнген қауіптің көзі жойылғандықтан
операция тоқтатылды - деді Саудия лидері.
Йемендегі Хусит
көтерісшілеріне қарсы әскери қимыл 26 наурызда басталып, ресми түрде 21 сәуірде
мәресіне жетті. Сауд Арабиясы басқарған каолицияға Кувейт, Катар, Араб
әмірліктері, Бахрейн, Мысыр, Иордания, Морокко және Судан әскери күштері
атсалысты. Алайда бір қауіптің беті қайтысымен, Йеменге «Ислам мемлекеті»
радикалды тобының жаңа жасақтары басып кіргені хабарланып жатыр. Содырлар да
шейіттермен күресуді мақсат тұтса керек.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ