$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Непалда құтқару шаралары жалғасып жатыр

AstanaTV
28.04.2015ж. 13:00
1043
Непалда құтқару шаралары жалғасып жатыр

7,9 балдық жойқын жер сілкінісі болып өткен Непалда құтқару операциясы жалғасып жатыр. Апаттан зардап шеккендерді жергілікті әскерилермен қоса, бірқатар елдің құтқарушылары іздеу үстінде. Алғашқы жер асты дүмпулері тіркелген уақыттан бері 62 сағат өтті. Осы уақыт аралығында қаза болғандар саны төрт мыңнан асып кетті. Құтқарушылар қираған үйлер мен үйінділер астынан марқұмдардың денесін ғана табуда. Олар уақыт өткен сайын аман қалғандарды табу мүмкіндігі төмендеп бара жатқанын айтады. Билік мәйіттерді өртеу керек деген шешім қабылдады. Жағдайды қайта қайта сезіліп жатқан афтершоктар қиындатып тұр.

Рейтерстің хабарлауынша, зілзала Непалдың сегіз миллион тұрғынына зардабын тигізген. БҰҰ аймақта азық-түліктің, ауыз судың және дәрі-дәрмектің жеткіліксіз екенін айтады. Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі апат кезінде Непалда болуы мүмкін деген бес қазақстандық туралы мәліметті әлі анықтап жатыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ


 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах