Статистика
бойынша, Қазақстанда өндіріс орындарында
жыл сайын 2 мыңнан астам оқыс оқиғалар орын алады. Үш жүздей жағдайда
адам шығына бар. Осындай мәліметті бүгін
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ахмади
Сарбасов келтірді. Айтуынша, қайғылы
жағдайлардың 70 пайызы жұмыс берушілердің кінәларынан туындайды. Өндірістік жарақаттанудың ең жоғарғы
көрсеткіштері құрылыс саласында орын алып отыр, - деді Сарбасов.
Ақмәди
Сарбасов, ҚР
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы:
Өндіріс жарақаттарының ең
жоғарғы көрсеткіші Қарағанды облысына тиесілі, одан кейін Шығыс Қазақстан,
Қостанай, Павлодар, Ақтөбе облыстары. Бүгінгі таңда елімізде 300 мыңнан астам
адам қауіпті жағдайда еңбектенуде. Осыған орай жұмыс берушілерге өтемақы төлеу
үшін жыл сайын 80 миллиард теңге бөлінеді. Министрлік алдағы 5 жыл ішінде
кешенді жоспар әзірлеп, осындай жағдайларды болдырмаудың алдын алмақ.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА