Тасқыннан кейін бүлінген
жолдарды жөндеуге 2,6 миллиард теңге қажет. Бұл жөнінде «ҚазАвтожол» ұлттық
компаниясының басқарма төрағасы Ермек Қизатов айтты. Қазірдің өзінде
Үкіметтік қордан су шайып кеткен жолдарды қалпына келтіруге қаржы бөлініп
жатыр. Мекеме бастығының айтуынша, тасқын судан үш көпір, жеті су өткізу
құбырлары мен 23 шақырым жолдың тас-талқаны шыққан.
Биылғы көктемде
республикалық маңызы бар жоларды 90 рет су шайып кету дерегі тіркелген. Шығыс
Қазақстан және Павлодар облыстарында көпірлер қираған. Брифинг кезінде ақылы
жоларда жұмыс істейтін қызметкерлерге қолма-қол ақша алуға тиым салынатыны
айтылды. Жүргізуші тек терминалға төлеуі тиіс. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша
жыл соңына дейін 424 шақырым жол жөндеуден өтеді.
Ермек Қизатов, «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
Жергілікті жердегі тұрғындар
үшін ақылы жолдарға қатысты жеңілдіктер қаралған. Жылына 1000 теңгелік
абоненнттік төлем жасауға болады. 2020 жылға қарай республикада 700 шақырым жол
ақылы болады. Айта кету керек, күрделі жөндеуден өткен тақтайдай тегіс
автобандар ғана ақылы болады.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ