Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Солтүстік Қазақстан облысында егін алқаптары өртенді

AstanaTV
28.04.2015ж. 20:00
1388
Солтүстік Қазақстан облысында егін алқаптары өртенді

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр жиналып үлгермеген егін өртенді. Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметтеріне сай, 3 ауданда жалпы көлемі 200 гектарға жуық алқап күлге айналған. Әсіресе, майлы дақылдар егілген аумақ зақымданған. Мәселен, Жамбыл ауданында тілсіз жау зығырдың 170 гектарын жарамсыз етіпті. Құтқарушылардың айтуынша, өрттің нақты себебі әзірге анықталған жоқ. Дегенмен, "диқандар қауіпсіздік ережелерін сақтамаған" деген болжам айтылуда.

Еске салайық, былтыр кәсіпкерлер қолайсыз ауа райына байланысты ырыс дәнінің біршама бөлігін жинап үлгермеді. Жергілікті билік өкілдері берген ресми мәліметке сүйенсек, қамбаларға егіннің 97 пайызы құйылған. Ал қалғанын шаруалар күн жылынғаннан кейін жинауды жоспарлаған.

Асқар Мұқышев, СҚО ТЖД өрт қауіпсіздігінің алдын алу және бақылау басқармасының бөлім басшысы:

Қазір шығын көлемін анықтап жатырмыз. Жалпы, өрт шаруа қожалықтарының салғырттығынан шығып отыр. Ортақ ережеге сәйкес егістік алқаптарының жан-жағынан жерді қазып тастау керек. Қопарылған жердің ені 4 метрден кем болмауы тиіс. Осындай ағаттықтар қайталанбас үшін, біз жергілікті әкімдіктерге шаруашылықтарды бақылап шықсын деген хат жолдадық.

Абзал ҚҰРМАНКИН 

Алдыңғы жаңалық