Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Бельгияда «Льеж-Бастон-Льеж» жарысы мәресіне жетті

AstanaTV
28.04.2015ж. 20:00
1139
Бельгияда «Льеж-Бастон-Льеж» жарысы мәресіне жетті

«Астана» баскетбол командасы плей-офф ойындарына жолдама алғаны белгілі.  Жауапты кездесулер барысында жасындай жарқыраған Рашид Махалбашич команда жеңісіне сүбелі үлес қосты. Бұл жетістігінен кейін Махалбашич бітұтас лиганың сәуір айындағы үздік ойыншысы атанды. Спорт жаңалықтарын Самат Қанағатов жалғастырады.

Бельгияда  «Льеж-Бастон-Льеж» біркүндігі болып өтті. Аталған жарысқа әлемнің үздік спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады. Льеж және Анс қалаларының арасында өткен кезеңде «Мовистар» клубының капитаны Алехандро Вальверде жеңіске жетті. 253 шақырымнан тұратын жарыс жолын Испания велошабандозы 6 сағат 14 минут 20 секундта бағындырды. Жеңімпазбен бір уақыт көрсеткен Франция спортшысы Джулиан Алафилипп екінші орынды иеленсе, үшін орынға «Катюша» клубының капитаны Хоаким Родригес табан тіреді. «Астана» командасының спортышлары бұл сында алғашқы 15 мықтының қатарынан көрінді. Якуб Фульсан мәре сызығын 9-шы болып кессе, команда капитаны Винченцо Нибали межелі жерге 13-ші болып жетті. Өткен жылы «Тур де Франс» марафонында бас жүлдені иеленген Нибали биылда сол жетістігін қайталауға дайындық жүргізуде. Ал оның алдында «Джиро де Италия» жарысы басталады. Өткен жылы қола жүлдені ұтып алған Фабио Ару биылғы маусымда бас жүлде үшін таласып көреді.



Түркияда да жарыс жалғасуда. Дәрежелі жарыстың екінші кезеңі Алания және Анталия қаларының арасында өтті. 182 шақырымнан тұратын жарыс жолында Ұлыбритания спортшысы Марк Кэвендиш жеңіске жетті. Жазық жолдың хас шебері, мәре сызығына санаулы метрлер қалғанда, қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Екінші орынды Италия спортшысы Саша Модоло иеленсе, үшінші сатыны оның отандасы Никола Руффони еншіледі. Бұл жарыста «Астана» командасының намысын негізінен жастар қорғап жатыр. Руслан Тлеубаев, Арман Қамышев, Бақтияр Қожатаев, Мақсат Аязбаев және Данил Фоминых бұл кезеңді пелотонның ішінде аяқтады. Бұл жетістігінен кейін Марк Кэвендиш жалпы есепте көш басына шықты. 

Самат ҚАНАҒАТОВ