Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Бүгін Елбасы салтанатты түрде ант береді

AstanaTV
29.04.2015ж. 10:00
1321
Бүгін Елбасы салтанатты түрде ант береді

Бүгін Елбасы салтанатты түрде ант береді. Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы ресми қорытындысын кеше жариялаған болатын. Оған сай Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның  президенті  болып сайланды. Ұлықтау рәсімі Астана арнасынан сағат 10-44 те тікелей эфирде көрсетіледі. Инаугурация еліміздегі ең басты алаңда өтеді. Яғни, күллі әлемнің назары осы жерге ауады. Мемлекет басшысына арнайы куәлік пен төс белгі табысталады. Ал, Елбасы салтанатты түрде Ант береді. 2011 жылғы ұлықтау рәсімі де осы Тәуелсіздік сарайында өткен. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның президенті ретінде ұлықтау шарасы биыл бесінші рет өтпек. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА