«Прогресс» жүк тасығышы ғарышта
«ұстатпай жүр». «Интерфакстің» хабарлауынша, Мәскеудегі Ұшуды басқару орталығы
ғарыш кемесімен байланысты түнде екі рет орнатпақ болған. Алайда бұл
әрекеттері еш нәтиже бермеді.
Мамандардың айтуынша, жүк тасығыш орбитадағы өз белдеуінде,
жерді айналып жүр. «Прогресс»
жерден берілген нұсқаулықтарды да қабылдамауда. Салдарынан кеменің Халықаралық
ғарыш станциясымен түйісуі мүмкін болмай отыр. Ғарыш кемесі бортында бірнеше
тонна жүк бар. Ұшуды басқару орталығының мамандары, бұндай жағдай тарихта
бірінші рет болып отырғанын айтады. Жүк кемесі жарты тәулік ішінде жерді бес
рет айналып шыққан. Мамандар басқарылмайтын жүк тасығыш жақын уақытта жер
орибитасынан шығып кетеді,-деп болжауда.
Еске салайық,«Союз» тасымалдағышына
тиелген «Прогресс» жүк кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан кеше таңертен ұшырылған
болатын. Соңғы деректер бойынша зымыран тасығыш, «Прогресті»
өз орбитасынан 30 километр биігірек шығарған. Себебі әлі белгісіз.
Жұрағат БАМАН