$519.64 €609.23 ₽6.62
×

Оралдық моделистің 400-ге тарта танкі бар

AstanaTV
07.05.2015ж. 20:00
1098
Оралдық моделистің 400-ге тарта танкі бар

Жеңіс мерекесінің құрметіне оралдық Марат Багаутдинов броньды пойыз макетін жасауға кірісті. Бұл пойызға ол зениттік зеңбіректер мен «Катюшаның» көшірмесін де орнатуды жоспарлаған.

Жұмыстан қолы қалт еткенде сүйікті ісіне кірісетін шебер 400-ге жуық әскери техника жасап шығарды. Марат Багаутдиновтың коллекциясынан кеңестік дәуірдегі алғашқы танк пен жүк көлігін, сондай-ақ немістің ауыр техникаларын табуға болады. Қазір бұл техникалардың кейбір түрлерін ғаламтордың өзінен табу қиын. «Жас техник» журналындағы фотосуреттер мен сызбалар бойынша дәлме-дәл көшірмесі жасалған мына танктер Мәскеуді қорғаған бірінші гвардиялық танк бригадасына көмекке келген. Марат Багаутдинов бұл кәсібі оған табыс әкелмесе де, өз еңбегінің еш кетпесіне сенімді.

Марат Багаутдинов:

Аталарымыздың ерлікпен соғысқанын балаларымыз білсе деймін. Жеңіс бізге оңай келген жоқ. Мәселен, немістер жасаған сауытының қалыңдығы 20 сантиметрге жететін «Жолбарыс» танкімен айқасу қиын болды. Әрбір сегізінші кеңестік танкке бір «Жолбарыстан» келді. Соған қарамастан, біздің жауынгерлер «Жолбарысқа» қарсы тұрды. Осыған қарап-ақ, бұл соғыстың қандай күш-жігермен келгенін, білуге болады.

Еркін КАРИН