Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Солтүстік қазақстандық тұрғын революцияға дейінгі кезең суреттелген ашық хаттарды жинаған

AstanaTV
07.05.2015ж. 20:00
865
Солтүстік қазақстандық тұрғын революцияға дейінгі кезең суреттелген ашық хаттарды жинаған

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Александр Гончар Петропавлдың революцияға дейінгі кезеңі суреттелген ашық хаттарды жинаған. Автор кішігірім коллекциясын құруға он жылын арнапты.

Ашық хаттардың шыққанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, олардың өңі кетпеген. Александр Гончардың коллекцияға әуестігі бала кезден басталған. Ол әр түрлі дүниелерді жинауды ұнатады. Кейін «Шынайы мектеп» деп аталатын ашық хаттың әдемілігіне таң қалып, қызыға бастайды. Автор ашық хаттар табу үшін бүкіл сайттарды шарлапты. Кейбіреулері қымбатқа түсті, дейді ол. Мысалы, Синагога бейнеленген хатты коллекция жинаушы 6 мың ресей рубліне сатып алған. Сондай-ақ, коллекцияда бірінші дүниежүзілік соғыста тұтқындалған австро-венгрия сарбаздары алмасқан хаттар бар. Мұнан бөлек, Ұлы Отан соғысында жазылған хаттарды да табуға болады. Оның бірінде жауынгер Воронеж облысындағы ата-анасына сәлем жолдаған.  

Александр Гончар, коллекция жинаушы:

Мені бұл хаттың патриоттық стилі таң қалдырды. Онда былай жазылған: «Әке, ана, амансыңдар ма?! Мен тірімін, денім сау. Қазір партизандардың қатарына қосылдым. Неміс басқыншыларымен соғысып жатырмыз. Құрметті ата-анам, фашистерді жеңу үшін Қызыл Әскерге барынша көмек беруге тырысыңдар. Германия жапа шегіп келеді. Қазір жаулап алынған аймақтардың барлығы да немістерге қарсы бас көтерді». Хат 1944 жылдың 10 қаңтарында жазылған екен.

Абзал ҚҰРМАНКИН

Алдыңғы жаңалық