Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қостанайлықтар әскери шеруді тікелей эфирден тамашалады

AstanaTV
07.05.2015ж. 20:00
1347
Қостанайлықтар әскери шеруді тікелей эфирден тамашалады

Астана төрінде өткен әскери парадты қостанайлықтар да тікелей эфирден тамашалады. Жаңбырлы күнге қарамастан, шеруді көруге көпшілік мол жиналды. Қостанайдың қарты да, жасы да тікелей көрсетілімді елмен бірге тамашалауға орталық алаңға асыққандарын айтады.

Шамамен 500-ге жуық адам алып монитор алдына жайғасты. Олар Елбасының құттықтау сөзін тыңдап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныс күштерінің мығым екеніне тағы бір көз жеткізді. Әскери техникаларымыздың қуаттылығын көрді. Қала тұрғындары алып монитордан тамашалаған салтанатты шарадан ерекше әсер алғандарын айтты.

Бірәлі Уәлиев:

Қандай қару-жарақтар бар екенін көріп тұрмын. Біз осыған қарап тұрғанда, енді қарттарымыз Кеңес кезінде армияға бардық ғой. Ал қазір күннен-күнге біздің қару-жарақтарымыздың заманға сай жасалып жатыр екен, біз осыған қуаныштымыз.

Рүстем Бейіш:

Бұл шеру үлкен әсер берді. Себебі бұл кез-келген Қазақстан азаматының рухын көтеретін, Қазақстан азаматының намысын оятатын шеру деп ойлаймын.

Заңғар САНАЙ