$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қазақстанда жылына 3 мың баланы асырап алады

AstanaTV
29.04.2015ж. 13:00
1068
Қазақстанда жылына 3 мың баланы асырап алады

Қазақстандық отбасылар жылына 3 мың баланы асырап алады. Бұл жөнінде Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Забира Оразалиева хабарлады. Оның сөзінше, қазіргі уақытта ел ішінде бала асырап алу үрдісі көбейген. Алайда жетімдер үйіндегі бүлдіршіндердің 70-80 пайызының денсаулығында кінарат бар, осы жағы асыраушыларға кедергі, дейді.

Ал шет елдіктер елімізде тіркеуден өткен агенттіктер арқылы бала асырауға құқылы. Соңғы үш жылда 1400 қазақстандық бала шет ел асқан. Көбі Германия, Белгия, Испания сияқты елдерге кеткен. Кез келген асыраушы үш жасқа дейін жылына екі рет есеп береді. Одан кейін 18 жасқа толғанша жыл сайын баланың жағдайы туралы хабардар етіп тұрады. Елімізде барлығы 180 балалар үйі жұмыс істейді. 2014-жылғы дерек бойынша балалар үйлерінде - 11 000, патронатта - 2000, туысқандарының қамқорлығында - 22 000 жетім бала бар.

Забира Оразалиева, ҚР Білім және Ғылым Минстрлігі, Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы:

Қазірде балаларды асырап алу қарқынды жүріп келе жатыр. Оның ішінде 3 жасқа толмаған, нәрестелерге сұраныс көп. Егер қазіргі статистканы қарасақ, жалпы ересек балалар да отбасына кетіп жатыр.

Мөлдір ДЮСЕКИНА