Ресей
мен Қытай ауыл шаруашылығы саласында ірі жобаларды іске асыру үшін бірігіп
арнайы инвестициялық қор құрмақ. Бүгін Қытай делегациясының Мәскеуге сапары
кезінде осындай келісім қабылданады деп хабарлайды РИА Новости. Тараптар егін
шаруашылығы, қайта өңдеу, кедендік рәсімдеу, логистика және азық-түлік саудасы
жөнінде келісімге келмек. Жоспар
бойынша, инфестқор 2 миллиард долларды құрамақ. Ресей тікелей инвестициялар
қорының басшысы Кирилл Дмитриевтің айтуынша, қаражаттың басым бөлігі
қытайлықтарға тиесілі. Қазір 10 шақты жоба қызу талқылану үстінде. Сондай-ақ,
Ресей-Қытай инвестициялық банкі құрылады. Ол екі елдің экономикалық байланысы
қарқынды дамуы үшін жұмыс істейді. Негізгі басымдық Қытай капиталын ресейлік
команияларға тартуға күш салынбақ.
Мөлдір
ДЮСЕКИНА