Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Роскосмос ХҒС ғарышқа ұшу бағдарламасына өзгеріс енгізбек

AstanaTV
08.05.2015ж. 10:00
1054
Роскосмос ХҒС ғарышқа ұшу бағдарламасына өзгеріс енгізбек

Байқоңырдан 28-сәуір күні ұшырылған ресейлік «Прогресс М-27М» ғарыштық жүк кемесі жұмаға қараған түні атмосфера қабатында өртеніп кетті. Бұл жайында «Роскосмосқа» сілтеме жасап, «Интерфакс» хабарлады. «Прогресс М-27М» ғарыш кемесі бүгін таңертең, Мәскеу уақытымен сағат сегіз шамасында өз қызметін тоқтатқан. Әуеге көтерілгелі бері ол Жер шарын 160 рет айналып ұшқанымен, халықаралық ғарыш стансасына жете алмады. Енді «Роскосмос» Халықаралық ғарыш стансасының кеме ұшыру бағдарламасына өзгерістер енгізуі мүмкін. Оған қоса, 14-мамырда Жерге оралуы тиіс, экспедицияның уақыты өзгеріп, маусым айына шегерілді. Жаңа экспедиция стансаға 20-шілдеде ғана аттанбақ. Ал маусым соңына таяу кезекті «Прогресс» жүк кемесі аттандырылады, деп хабарлайды ТАСС. Айта кетелік, 28-сәуірде Байқоңырдан ұшырылған «Прогресс» кемесі басқа орбитаға ауысып кетіп, жермен байланыс үзіліп қалды. Кемені жерден басқаруға тырысып көрген мамандар, кейін күдерін үзіп, құрылғыны халықаралық ғарыш стансасымен түйістіру мүмкін еместігін мойындаған еді. Олар оның жойылуын ғана бақылап отырған болатын.

Еркін КАРИН