Ақтаулық
еңбек ардагері Нина Устиновада осыдан 74 жыл бұрын шыққан газет сақтаулы. Ол 1941
жылы 24-маусымда басылған «Комсомольская
правда»
газеті. Басылымды оқушы Нина Устинова Горький қаласында 15 тиынға сатып алған.
Соғыс басталған бетте небәрі жетінші сынып оқушысы әскери комиссариатқа барып,
майданға өзі сұранған. Қаршадай қыз
жақындап қалған жауға қарсы окоп қазуға жіберіледі. Содан соң, Нина жұмысын
госпитальда жалғастырған. Еңбек ардагері газеттің бірде бір санын жібермей
оқыпты. Соғыс басталған күні шыққан мына нөмірдің бірінші бетінде Вячеслав
Молотовтың радио хабарламасы басылған. Үндеу бүкіл халыққа арналады. Ол кезде
соғыс 4 жылға созылады деп ешкім ойлаған жоқ. Жәдігерге айналған газет
көшірмесін Нина әжей жергілікті мұражайға тапсырды.Түпнұсқасы өзінде сақтаулы.
Нина
Устинова, Еңбек ардагері:
Мен
оны жылдам бір папкаға орай салдым. Содан соң ол туралы ұмытып кетіппін.
Ақтауға менімен бірге келді. 70-жылдары ескі құжаттарды ақтарып отырып,
ойламаған жерден тауып алдым. Сосын бәріне менде осындай ескі
басылымның бар екенін айттым.
Мөлдір ДЮСЕКИНА