Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Непалдағы жойқын зілзала құрбандарының саны 8 413 адамға жетті

AstanaTV
08.05.2015ж. 20:00
822
Непалдағы жойқын зілзала құрбандарының саны 8 413 адамға жетті

Ал бұл кезде Непалдағы жойқын зілзала құрбандарының саны 8 413 адамға жетті. Тағы 260 адам әлі күнге дейін із-түссіз жоғалғандар санатында. Бұл жөнінде Times of India басылымы хабарлайды.

Соңғы деректерге қарағанда, 7,9 баллдық дүмпуден 17 600-дей адам зардап шеккен.  Непалдағы алапат жер сілкінісі 25 сәуір күні ел орталығы Катманду қаласы маңында болды. 7,9 баллдық дүмпуден кейін болған кезекті тербеліс күші 6,7 баллға жеткен.

Ал мемлекет астанасы төңірегінде қазір баспанасынан айрылған мыңдаған непалдықтар шатыр тігіп күнелтіп жатыр. Адамдар қайырымдылық көмектің дұрыс жеткізілмегеніне наразы. Олар сондай-ақ жәрдем ретінде келіп жатқан тұтыну заттары мен азық-түліктің дұрыс бөлінбейтінін айтып шағымдануын тоқтатар емес.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА