KEGOC Қазақстандағы бүкіл электр стансалары
өндіретін қуатты сатып алушы бірден-бір компания болып табылады. Бұл жөнінде Ұлттық энергетикалық желілер компаниясына қарасты департамент директоры Нұржан
Исенов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл келесі жылы, яғни Қазақстанда
электр қуаты нарығында бірыңғай сатып алушы жүйесі қарқын алған соң,
жүзеге аспақ. Бүгінде тиісті заңдық база әзірлену үстінде.
Нұржан
Исенов, «Kegoc»
АҚ ұлттық электр желілерін дамыту департаменті директоры:
Қазақстанда
электр қуаттылығы нарығы 2016 жылдан бастап енгізіледі деп жоспарланған.
KEGOC Қазақстандағы бүкіл электр стансалары
өндіретін қуатты сатып алушы болып табылады. Министрлік пен компания бірлесе
отырып, заңдық базаны қолға алды. Құжаттар
әзірленіп, талқылану үстінде.
Ал
Қазақстан мен Ресейде электр қуаты қорының молдығынан Екібастұз су электр
станциясының құрылысы 2 жылға шегерілді. Бұл туралы Энергетика министрлігіне
қарасты Электр энергетикасы департаментінің директоры Бауыржан Сәрсенов мәлімдеді. Еске салайық, жақында
Екібастұздағы ГРЭС-2-нің үшінші бөлігіндегі құрылыстың 2017 жылға шегерілгені белгілі болды.
Энергетика министрлігі өкілінің айтуынша, құрылыс мерзімі өзгеруінің басты
себебі - энергоблоктардың
қуаттылығын 500 мегаваттан
630 мегаваттқа ұлғайтылуында болып отыр. Сондай-ақ, ауқымды жобаға жұмсалатын
қаржы көлемі де өзгерген. Енді ол жоспарланған 113 миллиардтан 174 миллиард
теңгеге дейін көбеймек.
Бауыржан
Сәрсенов, ҚР
Энергетика министрлігі электр энергетикасы департаментінің директоры:
Екібастұздағы 2-ші ГРЭС-тің
үшінші энергоблогына қатысты айтарымыз, мерзімнің шегерілуі, біріншіден, бізде
және Ресейде қуат қорының көп болуына байланысты. Екіншіден, бұл
жобаға қатысты қаржыландыру мәселелері Қазақстан және Ресей тарапынан
қарастырылып жатыр.
Самат
ҚАНАҒАТОВ