$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Сауд Арабиясы мұнай нарығындағы бәсекелестерін ығыстыра бастады

AstanaTV
14.05.2015ж. 20:00
893
Сауд Арабиясы мұнай нарығындағы бәсекелестерін ығыстыра бастады

Сауд Арабиясының мұнай нарығындағы бәсекелестерін ығыстыру стратегиясы нәтиже бере бастады. Financial Times экономикалық басылымының сарапшылары осындай пікірде. Өткен айда бұл елдің мұнай өндіру көрсеткіші рекордтық деңгейге жетіп, тәулігіне 10 миллион баррельді құраған.

Батыс сарапшылары «маусымда өтетін ОПЕК жиынында Эр-Рияд мұнай өндіру квотасын сақтаудан бас тартпайды, Араб түбегіндегі алпауыт ел «негізгі ойыншы» статусын осылайша бекіте түспек» деген ойда. Елдің мұнай бойынша бәсекелестері де абдырап қалғандай. Қара алтын құнының құлдырауынан АҚШ-тағы бұрғылау құрылғылары 60% қысқарды. Халықаралық энергетика агенттігінің жорамалына сай, соңғы бірнеше жылда тасы өрге домалаған қатпарлы мұнай секторы тығырыққа тірелген.

Еске салайық, өткен жылы ОПЕК-тің мұнай өндіру квотасын өзгеріссіз қалдыруы бағаның құлдырауын өршіте түсті. Жарты жылда Brent барреліне 115 доллардан 45-ке бір-ақ құлдырады. Тек соңғы кезде ғана нарық аздап тұрақтанып, қара алтын құны 68 долларға көтерілді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах