Қытай алғаш рет Америка Құрама Штаттарынан озып,
әлемдегі ең ірі мұнай импорттаушы ел атанды. «Сәуір көрсеткіші осыны
байқатты», - деп
жазады «Коммерсантъ» газеті. Осылайша, өткен айда аспан асты
елі қара алтынның бір тәуліктегі импортын - 7,37 миллион баррельге жеткізген. Бұл әлемде тұтынылатын әр мұнайдың 13-ші
баррелі Қытайға тиесілі деген сөз. Бұл кезеңде Құрама Штаттар мұнай импортын
күніне 7,2 миллион баррельден асырмаған.
Ресми
Бейжің мұндай қадамға жалпы экономикалық өсімнің тежелуіне қарамастан, барып отыр. Сондай-ақ ел мұнай экспортын да күрт
қысқартқандығын, айта кеткен жөн. Energy Aspects консалтингтік
компаниясы келтірген мәліметтеріне сай, импорт өсімі Ираннан жеткізілетін мұнай
көлемінің артуымен байланысты. Оман мен Абу-Дабиден жеткен мұнай танкерлерінің
рекордтық санын China Oil сатып алған көрінеді.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА