2015 - Халық IPO өткізу үшін қолайлы жыл емес. Бұл туралы бүгін Сенат
қабырғасында «Самұрық - Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры төрағасының орынбасары
Елена Бахмутова мәлімдеді. IPO-ның бірінші кезеңі нәтижелі болғанымен,
үстіміздегі жылы оның екінші кезеңінің өтуі екіталай. Жақын жоспарда «Самұрық
Энерго», «Қазақстан темір жолы» және «ҚазАтомӨнеркәсіп» сынды алпауыт
компаниялардың акциялары ашық сатылымға шығуы мүмкін.
Елена Бахмутова, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ төрағасының
орынбасары:
«Самұрық Энергоның» ашық нарыққа шығуы үшін, қолайлы уақыт таңдау
керек. 2015 жыл ең қолайлы деуге келмейді. «Қазақстан темір жолы» мен «ҚазАтомӨнеркәсіпке» келетін болсақ, екеуі де ірі компания және
қызығушылық жоғары болады деп ойлаймыз. Қазір қос компанияның тиімділігі мен құнын арттыру үшін, трансформация жүргізілуде. 2016 жылдан
кейін, бәлкім, 2016 соңында компаниялардың минус 1 акциясыз 10 пайызы ашық
саудаға түсуі мүмкін.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ