$448.05 €486.58 ₽5.82
×

Вице-премьер Қарашығанақ кенішінің санитарлық-қорғаныс аймағын ұлғайту қажеттігін тапсырды

AstanaTV
12.05.2015ж. 10:00
1099
 Вице-премьер Қарашығанақ  кенішінің санитарлық-қорғаныс аймағын ұлғайту қажеттігін тапсырды

 Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қарашығанақ  кенішінің санитарлық-қорғаныс аймағын ұлғайту қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ, ол  Батыс Қазақстан облысының Березовка ауылындағы жағдайды реттеуге тапсырма берді. Бұл туралы  облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ғылыми мекемелердің өкілдері қатысқан жиында Березовка мен Калачи ауылдарының жағдайы талқыланған. Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенішінің санитарлық-қорғаныс аймағын ұлғайту жайы да сөз болды. Атқарылуы тиіс жұмыстардың  жобасы үкіметке 30-мамырға дейін тапсырылуы тиіс.

Айта кетейік, Березовка ауылы тұрғындарының өздерін басқа аумаққа көшіруді талап еткеніне жарты жылдан асты. Бүгінде белгісіз дертке шалдыққан ауыл балаларының аяқ асты естен танып құлауы жиілеген. Бұған не себеп болғанын дәрігерлер нақты айта алар емес. Ал тұрғындар  ауыл іргесінде орналасқан Қарашығанақ кенішін кінәлайды.

Еркін КАРИН

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах