Тасқын
судың астында қалған Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданындағы 8 елді мекенде
апаттан келген шығынды есептеу жұмыстары басталды. Облыс әкімдігі баспасөз
қызметінің дерегінше, 273 үй зардап
шеккен. Оның ішінде 172 үй толықтай су астында қалса, 45-і қайта жөндеуге
келмейді. Су тасқыны кезінде елді мекендерден 860 тұрғын қауіпсіз жерге
көшірілген. Қазіргі таңда су деңгейі төмендеп, тұрғындар өз үйлеріне оралды.
Алайда
апаттан келген зардап, жұртшылықты әбігерге салуда. Көбісінің
тұрмыстық-техникалық заттары бүлінген. Киім-кешек және азық қоры жарамсыз болып
қалған. Облыс әкімі шығындарды есептеу жұмыстары аяқталғаннан кейін,
тұрғындарға материалдық көмек көрсетілетінін айтты. Сондай ақ су тасқынынан
бұзылған жолдар қалпына келтірілетінін жеткізді.
Еске
салайық, Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданында су тасқыны сәуір айының аяғында
орын алды.
Жұрағат
БАМАН