$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Қазақпарат: Сейсенбі күні республиканың кей өңірлерінде күн суытады

AstanaTV
12.05.2015ж. 10:00
1544
Қазақпарат: Сейсенбі күні республиканың кей өңірлерінде күн суытады

Бүгін еліміздің бірқатар өңірлерінде күн суытады. Қазгидромет дерегінше,  12 мамырда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні сақталады. Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысында жауын-шашынсыз, тұман түсуі мүмкін. Алматы, Жамбыл, Павлодар, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.  Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.  Қарағанды,  Ақмола облыстарының  бірқатар аудандарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Жел күшеюі ықтимал. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарының кейбір аумақтарында ауа температурасы 0, тіпті минус 5 градусқа дейін төмендейді - деп, Қазақпарат хабарлады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА