$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Американың Арканзас штатында алапат дауыл болды, құрбандар бар

AstanaTV
12.05.2015ж. 10:00
1057
Американың Арканзас штатында алапат дауыл болды, құрбандар бар

Американың Арканзас штатында алапат дауыл болды. АҚШ-тың оңтүстігінде орын алған табиғи апаттан құрбан болғандар бар. Аса қатты екпінмен соққан дауыл үйлерді құлатып кетті. Жергілікті басылымдар екі адамдың көз жұмғанын хабарлап жатыр. Бірақ қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы ықтимал. Рейтерстің хабарлауынша, жойқын дауылдан әсіресе, Техас штаты көбірек зардап шеккен. Бірнеше ондаған адам баспанасыз қалды, тағы 10 адам із түзсіз жоғалғандар қатарында.  Көптеген үйлер мен өзге де ғимараттарға айтарлықтай зақым келген. Дауыл сондай-ақ Оңтүстік Дакота мен Айова штаттарына да зиянын тигізді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА