Француздық
«Ұлттық майданның» негізін қалаушы Жан-Мари Ле Пен жаңа саяси қозғалыс
құратынын мәлімдеді. Бұл туралы «ФрансТвИнфо» телеарнасы хабарлайды. 86
жастағы саясаткер жаңа партия құрмайтынын, әрі бұл қозғалыстың «Ұлттық майдан»
жұмысына әсер етпейтінін айтқан. «Мен «Ұлттық майданның қазіргі бағытына наразы
жұрттың басын біріктіріп, «майданның» саяси қызметіне араласпақпын» - деді Ле
Пен. Айта
кетейік, бұл қозғалыс 1972 жылы құрылды. Жан-Мари Ле Пен 2011 жылға дейін оған
жетекшілік еткен. Ол жуырда өткен
президенттік сайыста өз «мұрагері» әрі қызы, Марин Ле Пеннің кандидатурасына
қарсылық танытқан болатын.
Жұрағат
БАМАН