$491.71 €529.97 ₽5.05
×

Мысыр әділет министрі Махфуз Сабер жергілікті телеарналардың біріне берген даулы сұхбатынан соң қызметтен кетті

AstanaTV
12.05.2015ж. 10:00
1088
 Мысыр әділет министрі Махфуз Сабер жергілікті телеарналардың біріне берген даулы сұхбатынан соң қызметтен кетті

Мысырдың әділет министрі Махфуз Сабер жергілікті телеарналардың біріне берген даулы сұхбатынан соң қызметтен кетті. Бұл туралы елдің премьер-министрі Ибрагим Махляб хабарлады,- деп жазады «Аль-Яум ас-Сабиа» порталы. ТАСС агенттігінің мәліметінше, Махфуз Сабер өз сұхбатында «қоқыс жинаушының баласына  сот қызметкері болудың қажеті жоқ» деген. Осыдан кейін мысырлықтар әділет министрінің бұл сөзін сынға алып, наразылық білдірді. Кейін министрдің өзі сұхбат беру кезінде қателесіп кеткенін айтқан. Десе де, ол қоғамдық пікірмен санаса отырып, қарапайым азаматтарға деген сыйластық ретінде орнын босатуға бел буған сыңайлы.

Жұрағат БАМАН