$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Әлемде дельфинотерапияға қызығушылық артып келеді

AstanaTV
12.05.2015ж. 10:00
1915
Әлемде дельфинотерапияға қызығушылық артып келеді

Әлемде дельфинотерапияға қызығушылық артып келеді. Дәстүрлі емес медицинаның бұл түрін 70-ші жылдары американың психолог-дәрігері Дэвид Натансон ашқан. Ол сүтқоректі жануардың көмегі арқылы түрлі дертке шалдыққан балаларды сауықтыру әдісін жүргізеді. Бүгінде АҚШ пен Еуропада аутизм, сал ауруы, есте сақтау мен есту қабілеті нашар науқас балаларға бұл ем түрі кеңінен қолданылады. Соңғы 5 жылда оның тиімді әдіс екенін мойындаған елдердің қатары көбейді. Түркиядағы әріптесім Самат Сүлей емнің тиімділігін өз көзімен көріп қайтты. 

Ресейден Түркияға арнайы келген 5 жасар Олеся дельфинотерапияны жақсы көреді. Әу баста әуесқойлықпен бастаған, қазір бұл оның сүйікті ісіне айналған. Мұны бізге дельфинотерапевт мамандар айтты. Олар дәстүрлі емес медицинаның бұл түріне қызығушылардың жыл сайын көбейіп келе жатқанын жеткізді.

Алена Наталина, дельфинотерапевт, маман:

Негізінен 3 пен 16 жас аралығындағы  науқас балалармен жұмыс істейміз. Физикалық және психикалық ауытқуы бар науқастарды қолдан келгенше дельфиндердің жәрдемімен емдеуге тырысамыз. Мәселен, 5-6 курстық ем-домнан соң бала денсаулығының жақсы жағына өзгергені байқалады. Ата-аналар бала 100 пайыз сауығып кетпесе де, бұрынғыдан анағұрлым ілгерілеу бар екенін  айтады.

Оңалту орталығында жұмыс істеп келе жатқанына он бес жылдан асқан Алена Наталина күніне шамамен 6 бала қабылдайды. Сауықтыру процесі дельфиндердің көмегімен әр балаға жеке- жеке 45 минуттан, хауыздың ішінде және жағасында жүргізіледі.

Самат Сүлей, тілші:

Бұл дельфиндердің аты Матильда мынау Пеалис екеуі - қызы мен анасы. Матильданың жасы 16-да, Пеалис 14 жаста. Жалпы мамандардың сөзіне сенсек, дельфиндер әр төрт сағат сайын өзінің терісін ауыстырып тұратын көрінеді. Мәселен, міне мынау үгітіліп түсіп жатыр.

Ыстамбұлдағы дельфинарийде бүлдіршіндерді бауырына басып, сауықтыру процесін жүргізетін де осы екеуі. Әртүрлі диагнозбен келгендер балаларға дельфиндер ультрадыбыстар арқылы ем жүргізіп, ағзадағы клеткалардың дамуына жол ашады,- дейді мамандар.

Гитс Гарго, жаттықтырушы:

Су астында жүріп сырттағы оқиғадан хабардар болып отырады. Мәселен, біз естімейтін дыбысты дельфиндер өте оңай қабылдайды.  Оларды біз туған бойда үйретпейміз. Анасының жанында жүріп өздері жаттығады. Сондықтан біз тек бақылаушы міндетін орындаймыз десем болады.

Самат Сүлей, тілші:

20 мин артық уақыт өткен жоқ. Қазір мына баланы жанына жақын тартып, ойнауға дайын. Қане Әли, өлең айтқызайық.

Самат СҮЛЕЙ