Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Либерия Эбола дертіне төтеп бергенін мерекелеуде

AstanaTV
12.05.2015ж. 13:00
912
Либерия Эбола дертіне төтеп бергенін мерекелеуде

Либерия жұртшылығы Эбола дертіне төтеп бере алғандықтарын мерекелеуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл елде індеттің жойылғанын жариялады. Рейтерс агенттігінің мәліметінше, бақылаулы соңғы 42 күн ішінде Либерияда Эбола вирусына шалдығу оқиғасы еш тіркелмеген. Мемлекет Басшысы Эллен Джонсон-Серлиф өз отандастарын «нағыз бақытты халық» деп атап, індетпен күрес жолында тер төккен азаматтарға алғыс білдірді. Десе де, Дүниежүзілік денсаулық ұйымы қуануға ерте, вирустың сырт мемлекеттерден ену қаупі әлі де жоғары дейді. Айта кетейік, Либериямен көршілес Гвинея және Сьерра-Леонеде Эболамен күрес жалғасып жатыр. Барлығы бұл аймақтарда 11 мыңға жуық адам осы індеттен көз жұмды. Тек Либерияның өзінде Эбола дертінен 4 мың жеті жүз адам қаза тапты.

Эллен Джонсон, Серлиф Либерия президенті:

Біздің ендігі мақсатымыз - Эболамен күресіп жатқан көршілес елдерге жәрдемдесу. Өз тәжірибемізбен бөлісіп, мәселені шешу жолдарын бірлесе қарастыруымыз қажет. Індетке қарсы күреске ықпалдастығымызды арттыру керек. Сонда ғана біз еркін бола аламыз.

Жұрағат БАМАН