Францияның
Total компаниясы Куба жағалауларында мұнай өндіретін болды. Рейтерстің
хабарлауынша,
Total Кубаның CubaPetroleo мұнай компаниясымен келісім жасасыпты. Құжатқа француз басшысы Франсуа Олландтың Бостандық аралына жасаған іссапары кезінде
қол қойылды.
Олланд аталмыш келісімді тарихи құжат санайды. Себебі бұл ресми
Гавана мен Вашингтон қарым-қатынасы қалыпқа келгелі бергі, еуропалық лидерлердің
аралға алғашқы сапары. Франция басшысы, Құрама Штаттарды Кубаға қарсы барлық
экономикалық кедергілерді алып тастауға үндеді. Санкциялар салдары Гавана үшін
өте ауыр тиді, деген Франсуа Олланд, Париждің Кубаны экономикалық оқшаулауға
қарсы позициясына беріктігін қайтара мәлімдеді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ