Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Су тасқынынан зардап шеккен қарағандылықтарға өтемақы төлене бастады

AstanaTV
12.05.2015ж. 20:00
1094
Су тасқынынан зардап шеккен қарағандылықтарға өтемақы төлене бастады

Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады. Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан жазбаша ақпаратқа сай, алғашқы транш ретінде облыс әкімдігі резервінен бүгін 220 млн 527 мың теңге бөлінген. Өтемақының қалған сомасы, жергілікті билік дерегінше, алдағы үш күннің ішінде толықтай төленеді. Баспасөз хабарламасында, бұл мақсатқа 1 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінетіні, көрсетілген. Ал алғашқы транш, тұрмыстық техникалар мен жиһаздар алуға жұмсалатыны хабарланған.

Бұл қаржы ең алдымен Саран қаласы мен Абай, Шет, Ұлытау, Жаңаарқа аудандарына бөлініп отыр. Бұл елді мекендердегі баспаналарды арнайы комиссия толық тексеріп шыққан.

Ал Бұқар жырау ауданындағы елді мекендерде жапа шеккендерге келген шығын көлемі әлі есептеліп жатыр. Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, күні бүгінге дейін аймақтағы жапа шеккен тұрғындар тарапынан 1740 арыз түскен. Бағалаушы компаниялар 1069 шағымды қарапты. Ал 671 нысан әлі тексерілмеген. Дүние-мүлік сараптамасын үш күннің ішінде аяқтау жоспарланған.

Айжан ҚУАШ