$519.57 €612.78 ₽6.61
×

Шет елден сатып алған артық заттар үшін салық төленеді

AstanaTV
12.05.2015ж. 20:00
1383
Шет елден сатып алған артық заттар үшін салық төленеді

Бұдан былай шет елден қайтқан қазақстандықтар артық бұйым әкелсе, кеденде салық төлейді. Қаржы министрлігінің жаңа бұйрығымен бүгін Кіріс комитетінің ресми өкілі таныстырды.

Бұл тізімге киім-кешектен бастап әтірге дейін іліккен. Мәселен, бір жолаушы бір санаттағы киім-кешектің екі данасын ғана тегін өткізе алады. Екі төсек орын, екі кілем, екі бас киім, екі аяқ киім, бір ішік, бір былғары өнім, үш әтір, косметика - бір-бірден, 10 келі азық-түлік, екі қалта телефоны, екі планшет, екі ноутбук, бес зергерлік бұйым, бір велосипед, бір бала арбасы ғана кеденнен тегін өткізіледі. Аталған бұйымдар саны бұдан асса, кедендік рәсімдер жасалып, әр затқа тиісті салық салынады.

Дәл осындай шектеулер Ресей мен Беларусьте де күшіне енді. Мұндай шектеулер тек үшінші елдерден алынған заттарға қатысты болмақ. Бір айта кетері, аталмыш бұйрықтың интернет дүкендерге қатысы жоқ. Желідегі сауда-саттық одақ елдері арасында 2010 жылы шыққан келісіммен реттеледі. 

Жамбыл Сұрағанов, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі:

Бұл бұйрық тек ғана жеке тұлға өзімен тасып өткен тауарлаға арналады. Интернет арқылы немесе "Қазпочта", DHL - солармен келген тауарларға бұл бұйрықтың қатысы жоқ. Интернет дүкеннен сатып алған тауар құны 1000 еуродан аспауы керек және 31 келіден көп болмауы керек. Егер асып кетсе, сол жерде кедендік рәсімдер жүргізіледі.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ