$448.05 €486.58 ₽5.82
×

Непалда жаңа жер асты дүмпулері тіркелді

AstanaTV
12.05.2015ж. 20:00
778
Непалда жаңа жер асты дүмпулері тіркелді

Непалда жер асты дүмпулері тыйылар емес. Жойқын апаттан есін жия алмай жатқан елде бүгін тағы жер сілкінді. Рейтерстің хабарлауынша, жаңадан тіркелген жер сілкінісінен тағы 4 адам қаза тапқан.

Халық үрейлі. Көпшіліктің жүйке жүйесі сыр беріп жатыр. Жаңадан тіркелген жер асты дүмпулерінің қуаты 7 балл шамасында. Жергілікті билік құтқару операцияларын кеше ресми түрде тоқтатқан еді. Қазір Непал бірінші кезекте медициналық көмекке зәру. Жарақаттанғандар саны 18 мыңнан асып жығылады. Күркелер де тапшы. Елде 100 мың адамның баспанасы жермен-жексен болып, халық қаңғып қалды. Ал алда толассыз жауатын муссон жаңбырының маусымы келе жатыр.

Еске салайық, қайғылы апат сәуірдің 25-де болды. Аса жойқын жер асты дүмпулерінен тұрғын-жайлар қирап, 8 мыңнан астам адам қаза тапты.

Айгүл ӘДЕПБАЙ

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах