$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Қазақстандағы волонтерлік қозғалысты құқықтық реттеуді қарастыратын заң жобасы әзірленуде

AstanaTV
12.05.2015ж. 20:00
2602
Қазақстандағы волонтерлік қозғалысты құқықтық реттеуді қарастыратын заң жобасы әзірленуде

Волонтерлік қызметті құқықтық реттеу қажет. Бүгін бір топ сарапшылар «Sarap Time» пікірталас клубында Қазақстандағы еріктілер қозғалысын заңмен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Аталмыш клубқа жүзден астам сарапшы мүше. Пікірталас алаңы «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының тікелей қолдауына ие.

Парламент қабырғасында әзірленген заң жобасының сызбасы қазір үкімет қарауында. Егер құжат министрлер кабинетінен «оң» байламмен шықса, заң жобасы Парламенттің қос палатасының төрелігінен өтеді. Бастамашыл топ волонтерлар қызметін бір орталықтан басқарып, заңды түрде жүргізу қажет дейді. Болашақ заң құжаты еріктілер жұмысын жүйелі әрі нәтижелі етуі тиіс. Онда «волонтер» деген сөзге анықтама беріліп, олардың қызметі жайында түсіндірілген.

Нұрлан Сыдықов, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

Ертеңгі күні қандай да бір түрлі жұмыстарға түскен кезде, медициналық сақтандыру мәселесі деген секілді, бір жүйе керек. Алысқа бармай, осы жуырда ғана болған Қарағанды облысындағы жағдайды білесіздер. Алайда бұл жұмыс аяқ астынан болғандықтан немесе бір ұйым, құрылымның болмағандығынан, бұл жұмыс жүйелендірілмегендіктен, көптеген нәтижелерге қол жеткізе алмадық деп есептеймін. Соның бірі - уақытынан кеш жиналу, болмаса керек емес жұмыстардың істелінуі деген сияқты, міне, осылардың барлығын заңдастыру қажет.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ