$492.22 €529.38 ₽5.03
×

Қостанайда 4 адамды өлтірген қылмыскердің аппелляциялық шағымы қаралды

AstanaTV
13.05.2015ж. 10:00
945
Қостанайда 4 адамды өлтірген қылмыскердің аппелляциялық шағымы қаралды

Қостанайда бірнеше ауыр қылмыс жасағаны және 1 сынып оқушысы Виктория Ганяны өлтіргені үшін сотталған Денис Лесниковке қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалатын болды. Оның аппеляциялық шағымын қараған облыстық сот осындай тоқтамға келген. 2 ай бұрын қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен Денис Лесников өмір бойы бас бостандығынан айрылу жазасына кесілген еді.

Еске салайық, Рудныйлық Виктория Ганя өткен жылы 24 сәуірде із-түзсіз жоғалған. Бір айдан соң еріктілер 7 жасар баланың өлі денесін тапты. Ұзамай күдікті қолға түсті. Қостанайлық Денис Лесниковтың кішкене қызды өлтірумен қатар бірнеше ауыр қылмыстар жасағаны дәлелденді. Ол 2012 жылдан бері бірнеше ұрлық жасап, екі әйел мен екі жасөспірімді зорлап, олардың өмірін қиған. Наурызда Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Денис Лесниковті өмір бойы бас бостандығынан айыру және дүние мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарған. Аппеляциялық шағымды қараған облыстық соттың судьясы оны өзгерісіз қалдырды.Тек, 198 мың теңге көлеміндегі айыппұлды төлеуден босатты.

Лариса Шепелева, Қостанай облыстық сотының судьясы:

Қылмыстық кодекстің бұл бабы бойынша Лесников кінәлі деп танылды, тек, «ресми құжатты жойып жібергені үшін» деген жазадан ғана босатылды. Ал, сот үкімінің өзге тұстары, сонымен қатар өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы өзгеріссіз қалды.

Заңғар САНАЙ